ДҮЛЕЙ ДАУЫЛДЫҢ ЗАРДАБЫ

339
0

Онсыз да табиғаты тарпаң мiнез танытатын  Семейде шiлденiң шiлiңгiр күнiнде алапат дауыл тұрып, тұрғындарды тығырыққа тiреп қойды. Жуық арада мұндай дауылды көрмеген семейлiктер аптаға жуық жарықсыз қалуларына тура келдi. Дауыл кезiнде үзiлген электр желiлерiн қалпына келтiрумен 11 бригада айналысса да, дауылдың соңын ала келген нөсер жауын мамандардың қалыпты жұмыс жүргiзулерiне кедергiсiн келтiрiп бағыпты. 10 мың тұрғынның 5 күннен берi жарықсыз отырғаны аздай, тоңазытқыш, теледидар, компьютер сынды техникалық заттары iске қосылмай тұр. Тұрғындарды жарықпен қамтамасыз етушi «ВК РЭК» компаниясы бiрер күнде электр желiлерiн жалғап, халықтың жарықпен толық қамтылатындығына уәде берiп отырған көрiнедi.

«Уақыт» — ақпарат.