ШЫМКЕНТТIҢ АСПАНЫН ӘН ТЕРБЕДI

339
0

Шәмшiдей тума талантты өмiрге әкелдiрген Оңтүстiк өңiрi ұлы композитордың туған күнiмен тұспа-тұс өтетiн дәстүрлi «Арыс жағасында» ретро фестивалiн биыл композитор Сейдолла Бәйтерековтың шығармашылығына арнады.

Облыстың мәдениет  басқармасының ұйымдастыруымен өткiзiлген фестивалге Қазақстанның танымал әншiлерi Роза Рымбаева, Жұбаныш Жексенұлы, Бақыт Шадаева, Мәдина Садуақасова, Әйгерiм Қалаубаева, Алдаберген Жақсыбаевпен қатар облыстың танымал әншiлерi мен би топтары қатысып, Сейдолла Бәйтерековтiң әндерiн орындады. Тағы бiр айта кетерлiгi, белгiлi композитордың жұбайы Ләззат Бәйтерекова кеш қонақтары мен облыс әкiмдiгiне Бәйтерековтi биiкке көтергендерi үшiн шынайы ризашылығын бiлдiрдi. Екi күн қатарынан Шымкенттiң аспанын ән тербетiп,  өнерсүйер қауым қос композитордың әндерiн тыңдап, құлақ құрыштарын қандырды.

Е.СӘРСЕНБИН.

Суреттердi түсiрген Ж.ӘБУОВ.