Елбасы елімен бірге

336
0

Тәуелсіз елді нығайтушы ұрпақ. Ата-бабадан қалған өшпес мұра. Мол қазынаны қабілетті жоғары ұрпақ бойына дарыту және бәсекеге қабілетті жеке тұлға қалыптастыру мектептің міндеті.
Тәуелсіз елдің ұлы — өжет, қызы – қайратты, халқы қаһарман болуы керек екендігін тарих шежіресі көрсетіп отыр. Бала тәрбиесі – киелі ұғым, онымен адам тағдыры шешіліп отырады, ол білім, тәрбие арқылы бойға сіңеді. Егемен елдің келешегі – кемел біліммен ұлағатты тәрбиеге баланысты.Ел болашағы жас ұрпақты ұлттық тағлым қағида негізінде рухтық тәлім және білім негіздерімен қаруландырып, қалыптастырып отыру керек. Тұңғыш Президенттің тұңғыш мерекесі қарсаңында сынып сағатын өткіздім. Тақырыбы «Тұңғыш Президентіміз — Оңтүстікте» деп аталады. Сабақ бастамас бұрын «Тұңғыш» деген сөзді қалай түсінеміз деген сұрақ қойдым. Оқушылар өз білгендерін шама-шарқына қарай айтып жатты. Иә, «Тұңғыш» сөзінде терең мән бар екенін түсіндіре келіп, сол сөз біздің «Тұңғыш Президентімізге» арналғанын айтып өттім. 1991 жылы 1 желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет елдің «Тұңғыш» президентін сайлады.
Елбасының бастауымен біздің Отанымыз әлемге танылды. Біздің Отанымыз егеменді, тәуелсіз Қазақстан Республикасы. Тарих бізге тәуелсіздік тарту етті. Елім елдігін көрсетті, ерлігін танытты. Қазақ халқы егемендігін алып, Тәуелсіздікке қол жеткізген кезде өз алдымызға ел бола алатындығымызға күмәнданған жандар болған екен. Бірақ ар-намысты ту еткен елбасымыз осындай нұрлы күндерге жеткізді. Енді біздің парызымыз – ұлттық рәміздерді қастерлеу, тәуелсіз мемлекеттің өркениетті елдер қатарында болу, мәдениеттің биік шыңына көтерілу болатын.
Елдің әл-ауқатын арттыру мақсатында көптеген жұмыстар атқарылғанын, солардың бірі Тұңғыш Президентіміз ашқан, біздің Оңтүстіктегі нысандар бүгінде халық игілігіне айналып отыр. Олай болса, сол нысандармен танысып көрейік. Біздің Оңтүстікті: «Оңтүстік – қазақтың қаймағы бұзылмаған жер, бұл өңір шуақты күнімен, халықтың жомарттығымен, мейман-достығымен, салт-дәстүрге беріктігімен ерекшеленеді» — деп баға берген де мемлекет басшысы еді. Оңтүстік Қазақстан облысына жасаған іссапарлары кезінде ашылу салтанатына қатысқан, бүгінде ел игілігіне айналған тәуелсіздік көпірі, Түркістан қаласының маңына орын тепкен оралмандар ауылында болып, 100 отбасыға өз қолымен пәтер кілтін тапсырып, 2007 жылы 27 сәуір күні «Нұрсәт» шағынауданын аралаудан бастаған мемлекет басшысының «Шымкент шырайлы қала, еліміздегі үшінші қала болады» дегені бар. 2007 жылы 1 мамырда Елбасының Мақтарал ауданындағы су тасқынынан зардап шеккен ауылға ат басын тіреп, 2 үйге кіріп, көрімдікке тоңазытқыш сыйлағанын білеміз. 2008 жылы 6 қарашада Елбасы Оңтүстіктегі сапары кезінде денсаулық сақтау саласының жағдайымен танысты. Облыстық қан орталығының ашылу салтанатына қатысқанын, 2008 жылы 7 қарашада опера және балет театрының ашылуына, кардиоорталықта өзінің тікелей тапсырмасымен салынған кардиохирургиялық бөлімшенің ашылуы, «Ана — жер» монументінің салтанатты ашылу рәсіміне қатысып, гүл шоғын қойғанын, 2009 жылы 25 қыркүйекте Кедендік Одақ талаптарына сай Қазақстан шекарасын нығайтып, кеден бекеттерін заманауи құрылғылармен жабдықталған «Жібек жолы» кеденінде мемлекет басшысы кедендік рәсімдеу, шекаралық бақылау процедураларының қалай жүргізілетіндігімен танысқаны, 2010 жылы 18 наурызда Көксарай су реттетін нысанын ашқанын, «Азия — керамик» зауытының ашылу салтанатында, Ш.Қалдаяқов атындағы филармонияның жаңа ғимаратының тұсаукесерінде, өнер ордасына 51 музыкалық аспап жиынтығын сыйға тартқанын, 23 мамырда 2010 жылы «Қазығұрт» ықшамауданындағы еңселі білім ордасы №86 мектептің ашылу салтанатына қатысып, 18 компьютер сылағанын, «Асар» ықшамауданындағы жылыжайды аралауы, «Мұз сарайының» ашылу салтанатына қатысқанын, Абай саябағындағы «Даңқ» мемориалында болғанын слайдтарды көрсете отырып мағлұматтар берілді. Тұңғыш Президентіміздің осындай нысандарды ашуға тікелей басшылық жасап, бұл күндері халық игілігіне айналып отырғаны түсіндіріледі.
Қорыта келгенде, Тұңғыш Президентіміздің өмір жолынан үлгі ала отырып, Отанын, елін, жерін, халқын сүйетін, елім деген ер болса, ерім дейтін халық бар екенін оқушылардың бойында ержүректілікпен, азаматтық, ұлтжандылық Отанының патриоты болуға, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің ертеңі, болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенін сезіндіру.
Сынып сағатын
«Елбасымыз саған мәңгі разымыз,
Үлкен-кіші, ағайындар бәріміз.
«Ұлтым, елім» деп қайғырған елінің,
Сіз біздердің піріміз де әніміз» – деген өлең жолдарымен аяқтадық.

Назымай АНАРБАЕВА,
№37 Фуркат атындағы жалпы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі.