«Құтырып» жатырмыз

264
0

Өткен жылы Сайрам ауданындағы Ақбастау ауылының тұрғыны Сауыров талай мекеменің есігін қағып, бұқаралық ақпарат құралдарынан араша сұрағаны бар. Оны беймаза күйге түсірген жәйт кішкентай қызын ит қауып, дәрігерлердің дұрыс диогноз қоймауынан бетіне қара отырған перзентінен қапияда айырылғаны болатын.Отағасының жорамалынша, ит құтырған болуы мүмкін. Алайда өздеріне сөз келтірмеуді ойлаған ақ халаттылар барынша қарсыласып баққан. Енді, міне сол оқиғаның ізі суымай жатып, тағы да сол Сайрам ауданының Көмешбұлақ деген ауылының 16 жастағы азаматы «құтыру» диогнозы бойынша қаңтардың 14-і күні аудандық аурухананың жұқпалы аурулар бөлімінде қайтыс болды. Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеп отырған соң сенбеске лажың жоқ. Әншейінде ақталудан аузы босамайтын облыстың бас дәрігері Ж.Исмайлов бұл жолы қандай уәж айтар екен? Қазір марқұммен қатынаста болған жандардың барлығы оқшауландырылып, «құтыруға» қарсы антирабикалық емделуден өткізілуде. Осылайша, жылан жылы басталмай жатып, «құтырып» жатырмыз.

Е.Сәрсенбин.