Жас өнертапқыштар табысы

197
0

Шымкент ФМНШымкент қаласындағы «Назарбаев  Зияткерлік» мектебінде облыстық өнертапқыш оқушылардың іріктелген жасаған  инновациялық  жобалары бойынша көрме өтті. Көрмеге іріктеліп алынған 55 жоба  ұсынылды.

 Көрмеге облыстағы техникалық және кәсіптік білім мекемелері мен мектеп оқушыларының инновациялық жобалары қойылды.
Іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев қатысып,   жастардың инновациялық жобалары бойынша жасаған еңбектерімен танысты. Бұл жастарымыздың  білім-ғылымға, өнертапқыштыққа бейім екендігін аңғартады. Көрмеге қойылған жобалар бойынша жасалған жастардың еңбектері шынында мақтануға лайықты. Мәселен, жел күшінен электр энергиясын  өндіретін құрылғыны  колледж студенттері жасапты. «Бұл жоба көліктердің кептелісі көп Шымкентте монорельс орнатып, экологиялық жағдайды жақсартуға септігін тигізеді»-дейді жас өнертапқыштар. Ал политехникалық колледж студенттері  күн сәулесінен қуат алып, алыстағы шопандардың үйіне жарық, егіс алқаптарына су шығаратын құрылғы ойлап тауыпты. Ол ұялы телефон арқылы да басқарылатын көрінеді. Көрме жиналған көптің көңілінен шықты.

Венера ҚАБЫЛБЕКОВА.