Жасөспірімдер зорлық-зомбылықтың құрбаны болуда

312
0

pedofilМұнан бірер жыл бұрын Ақтөбе қаласының мектептерінде оқитын шәкірттер арасында жеңіл жүріске салынушылық белең алып бара жатқандығы туралы ақпарат желдей ескен шақта жағамызды ұстағанбыз. Енді мінеки, осыған ұқсас сорақылықтың Оңтүстік Қазақстан облысында да орын алғандығы жария етіліп отыр. Анығырақ айтар болсақ, соңғы үш жылдың ішінде өңірімізде балаларға қиянат жасағаны үшін 56  адам қылмыстық жауапкершілікке тартылған.

Кәмелеттік жасқа толмаған балаларды зорлауға қатысты 2010 жылы — 12, 2011 жылы- 24, ал 2012 жылы- 12 қылмыстық іс тіркелсе, ағымдағы жылдың үш айының өзінде ғана 8 жайт белгілі болып отыр.
Оңтүстік Қазақстан облысындағы ең сорақы істердің бірі деп, 2011 жылы орын алған қылмысты айтқан жөн. Бір топ адам кейпіндегі айуандар 8 жастағы қызды пәтерге алдап әкеліп, оған бірнеше күн бойы ойларына келгенін істеп, соңынан оны өлтіріп, мүрдесін бөлшектеп, тұрғын үй секторына тастап кеткен. Қыздың мәйіті бірнеше күннен кейін табылды. Қылмыскерлер 25 және 20 жылға бас бостандықтарынан айырылды. Облыстың келесі бір тұрғыны асырып алған қызын үш жыл бойы зорлап келгені үшін 18 жылға сотталды. Кәмелетке толмаған балалардың да мұндай қылмысқа баратындығы белгілі болып отыр.
Шымкентте он жастағы оқушы қызды ешкімнің көзі түспейтін жерге алдап апарып, зорлаған 16 жастағы бозбала он жылға бас бостандығынан айырылды.
Оңтүстік Қазақстан облысының соты жариялап отырған осынау деректер денеңізді түршіктіреді. Япыр-ай, осы біз кім болып барамыз?

Е. СӘРСЕНБИН.