Жастарға жалындылық жарасады

5-2Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңестің ХV көшпелі отырысы өтіп, онда аймақтағы өзекті мәселелер ортаға салынды. Көшпелі отырыс аясында Алматы қаласы, Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы мемлекеттік жастар саясатының іске асырылу барысы туралы облыс әкімдерінің жауапты қызметкерлері есеп берді. Жиынның басты тақырыбы «Жастар арасында кәсіпкерлікті дамыту» болып табылатындықтан, осы бағытта атқарылған жұмыстар жүйеленді.

Жиын барысында ұйым көшбасшылары өз жұмыстарының ерекшеліктері және алдағы уақыттағы жоспарлары туралы, жастардың жергілікті жерде туындаған мәселелеріне толықтай еніп, олардың шешу жолдарының мүмкіндіктерін қарастырды.
Бұл шара жастар ұйымдарының танымалдығын одан әрі кеңейтуге мүмкіндік жасайды, жастарды еліміздің қоғамдық-саяси қозғалысына тартуға және  жастардың әлеуметтік мәселелерін шешуге құлшыныстарын арттыруға тәрбиелейді.

Венера ҚАБЫЛБЕКОВА.