Аида оза шапты

227
0

21Шымкенттегі № 8 мектеп-гимназияның түлегі Аида Ысқақ Ұлттық біріңғай  тестілеуде 125 балл жинады.«Мен мұндай нәтижені  еш күтпеген едім»,-дейді ол. Бірақ өз біліміне сенімді болған. Ұстаздарының айтуынша, жоғары балл — түлектің тынбай еңбектенуінің нәтижесі. Аида «Флекс» халықаралық бағдарламасы бойынша бір жыл АҚШ-та білім нәрімен сусындаған. Оқушы ҰБТ-да төртінші пән ретінде географияны таңдаған. Болашақта мектеп түлегі қаржыгер мамандығының қыр-сырын меңгермек.

Шымкенттегі № 8 мектеп-гимназияның түлегі Аида Ысқақ Ұлттық біріңғай  тестілеуде 125 балл жинады.«Мен мұндай нәтижені  еш күтпеген едім»,-дейді ол. Бірақ өз біліміне сенімді болған. Ұстаздарының айтуынша, жоғары балл — түлектің тынбай еңбектенуінің нәтижесі. Аида «Флекс» халықаралық бағдарламасы бойынша бір жыл АҚШ-та білім нәрімен сусындаған. Оқушы ҰБТ-да төртінші пән ретінде географияны таңдаған. Болашақта мектеп түлегі қаржыгер мамандығының қыр-сырын меңгермек.
ҰБТ тапсырған 45 946 түлектің 13261-і шекті деңгейден өте алмады. Тек, 4580 талапкер ғана 100 балдан жоғары жинай алды. Ұлттық бірыңғай тестілеудің екі күнгі қорытындысын жария еткен Ұлттық тестілеу орталығы осындай деректерді алға тартуда.
3 және 4 маусым күндері өткізілген тестілеуге 45946 бітіруші қатысты, соның ішінде қазақ тілінде — 31399, орыс тілінде — 14547 бітіруші.

«Уақыт»