Еліміздің 17 миллионыншы тұрғыны Оңтүстіктен!

198
0

10676d18c61e7753ebe235bc9ba02318Қазақстан Республикасы Статистика агентігі 2013 жылдың 1маусымында елдегі халық саны 17-миллионыншы  межеден 10,6 мың адамға асып, 17 010 564 адамға жеткенін хабарлайды.

17-миллионыншы тұрғынның туған күнін анықтау барлық  демографиялық жағдайларды есепке ала отырып жүзеге асырылды: халық санының өсу (туулар мен иммиграция) және кему (өлімдер мен эмиграция) компоненттері; нәтижесінде 2013 жылдың 15 мамырының аяғында елде 16999 334 адам тұратындығы анықталды. Ағымдағы жылдың 16 мамырында АХАТ органдарында 1 904 туған нәрестелер мен 579 өлгендер тіркелген, сонымен қатар көші-қон полиция қызметімен республикада  95 иммигранттар және 80 эмигранттар тіркелген. Нәтижесінде ағымдағы жылдың 16 мамырында Қазақстан халқының саны 1 340 адамға өсіп, 17 000 674 адамға жетті. 2013 жылдың 16 мамырында тіркелген және тіркеу күніне мейлінше жақын туған нәрестелердің арасында елдің 17-миллионшы тұрғыны болуы мүмкін еді. Сонымен бірге, сәбилердің туған күндері бірдей болған жағдайда артықшылық туу кезектілік реті жоғары нәрестеге беріледі.
Елдің 17-миллионыншы тұрғыны мәртебесін анықтау мақсатында Агенттік «Халықтың табиғи қозғалысы» дерекқорында, оның ішінде жалпы республика бойынша туу туралы азаматтық хал актілерінің екінші данасының негізінде қалыптастырылған туу дерекқорында 2013 жылдың  16 мамырында  АХАТ органдарында тіркелген нәрестелердің арасынан аналарының тұрғылықты жеріне, білім деңгейі мен кәсіп түріне, сонымен қатар нәрестенің жынысы, салмағы мен бойының ұзындығына қарамастан іздеу жұмыстарын жүргізді.
Еліміздің 17-миллионыншы  тұрғыны ретінде жоғарыда аталған критерилер бойынша 2013 жылдың 15 мамырында Астана уақытымен сағат 23:10-да туған ұл бала анықталды. Сәбидің туғанда -3670 граммды, ал бойы-53см. құрады.
Сәбиге Алтынбек есімі және Есқара тегі беріліп, 2013 жылдың 16 мамырында Оңтүстік Қазақстан облысы, Сайрам аудандық  АХАТ органында тіркелді.
Нәрестенің ата-анасы Сайрам ауданының Таскен ауылының, Тассай селолық округінде тұрады: анасы – Сапарбаева Гүлмира Арысбекқызы, 1981 ж.т., мұғалім, әкесі – Өміш Мұрат Есқараұлы, 1975 ж.т., жеке үй шаруашылығында жұмыс істейді. Кешегі аптада ақжолтай туған ұлға Сайрам ауданының әкімі ат мінгізіп, тиісті тарту – таралғысын жасады.

Б.ТЕМІРБЕК.