Шығысты Ахметов басқарады

136
0

Ахметовтің аты қазақстандықтарға етене таныс. Басқасын айтпағанда 2001 жылдан бастап әкім ретінде Павлодар облысын басқарған Даниал Кенжетайұлы 2007 жылға дейін Қазақстан Республикасының премьер–министрі болып істесе, одан кейінгі екі жылда елдің қорғаныс саласын басқарды.

Күні кешеге дейін Еуразиялық экономикалық комиссияның энергетика және инфрақұрлым жөніндегі Алқа мүшесі болған алпыс жастағы Ахметовке Елбасы үлкен сенім артып, бір облыстың тізгінін ұстатты. Б.Сапарбаев барын салып, тер төгіп талай тың тірліктерді жүзеге асырып, біршама игі мәселелердің негізін қалаған жақсы тірліктерді Д.Ахметовтің ары қарай алып кетуге алымдылығы мен тәжірибесі толық жетеді.