Нұрлыбек енді облыстың баспасөзін басқарады


Көптің көбейіндегі ойды, батыл болжамды дөп басу – ел арасында көп тарайтын баспасөздің басты қағидаттарының бірі. Шымкент әкімдігінде кеңесшілікпен қатар, баспасөз жұмысына соңғы кезге дейін басшылық жасап келген Нұрлыбек Жеңісбекке үлкен сенім артылып, күні кеше жаңа қызмет тапсырылды.
Біз былтырғы жылдың соңында ешқандай сәуегейліксіз осы азаматтың атқарған ісіне, тындырымды тірлігіне, қызметтегі беделі мен салмағына қарай отырып, оның ендігі ретте облыс әкімінің баспасөзіне басшылық жасауы мүмкін екендігін айтып «Нұрлыбектің орны облыс әкімдігінде» деген тақырыпта шағын ғана мақаланы көпшілік назарына ұсынған болатынбыз. Арада жарты жылдай уақыт өткен кезде біздің болжам шындыққа айналып Н.Жеңісбек ОҚО әкімдігінің баспасөз қызметінің басшысы болып тағайындалды. Жаңа қызметке келер алдындағы сынақ мерзімінің өзінде Нұрлыбек Жеңісбек өңірдің баспасөзіне өзіндік тың ұсыныстар ендіріп, бойына қан жүгіртті. Облыс әкімдігінің атқарған ірілі-уақты нәрлі тірліктері басылым және әлеуметтік желілер арқылы көпшілікке жететін жаңалықтар саны артып, сапасы жақсара түсті. Оқырмандар қатары әлдеқайда молайды.
Жаңа қызмет осы жақсы бастамамен ары қарай биіктерге өрлей береріне сенім мол.

Қыдыр ҚАЛИЕВ.

ПІКІР ЖАЗУ