Берік УАЛИ жаңа қызметке барды

179
0


Журналистика саласында айқын орны бар, республикалық белді телеарналарда қолтаңбасын қалдырған, еңбекқорлығының арқасында талайды мойындатқан майталман маман. Бұған дейін Оңтүстікте баспасөз қызметін басқарып, сол салаға жаңа леп, жаңа ой, жаңа із қалдырды. Одан соң облыстық ішкі саясат және дін істері басқармасын басқарды. Берік Құрманғали ішкі саясатқа іштен өз ойын қосып, оны Асқар Исабекұлы мақұлдап бұл басқармада бұрын болмаған істер атқарылды. Берік Уәлиге сенген облыстың экс-басшысы ол кісіні Астанаға «Нұр Отанға» өзімен бірге алып барды. Қоғамдық жұмыстарды да тап-тұйнақтай орындай білді. Ал, енді міне жаңа қызметке тағайындалды. ҚР инвестициялар және даму министрінің кеңесшісі – қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы қызметіне кірісті. Бекең бұл қызметте абыроймен еңбек етіп, жаңа идеялар қосатынына сенін мол. Бізде өз ұжымымыз атынан құттықтаймыз!
«Уақыт».