ЖЫЛУ ҚАШАН БЕРІЛЕДІ?

258
0


Бұл сауалға қала әкімінің орынбасары Бейсенбек Жанбосынов қысқы жылыту маусымының жұмыстары туралы БАҚ-на берген брифингте Шымкентте көпқабатты үйлер 30 қазанға дейін жылумен толығымен қамтылатынын жеткізді.

«Қала әкімі Ғ.Әбдірахымовтың өкімімен 14 қазаннан бастап қаладағы бюджеттік ұйымдарға қуатты қазандықтардан жылу беріле бастады. Ендігі кезекте қаладағы тұрғын үйлерге жылу беру жұмыстары жүргізілуде. Осыған орай, «Нұрсат», «Спорт» шағын ауданы, «Қатын-көпір», «Тұрлан» елді мекендері және бірқатар ауруханаларда 18 қазаннан бастап жылу жүйесіне қосылады. Жуық арада қаламыздың басқа да аумақтары өз ретімен түгелдей жылумен қамтылатын болады», — деді қала әкімінің орынбасары Б.Жанбосынов.
Қазіргі таңда қаланың «Оңтүстік» және «Солтүстік» бөлігіндегі магистралдық жылу жүйелері жөндеуден өтіп, бүгінгі дейін, қалада 1872 көпқабатты үй және 360 бюджеттік мекеме қысқы маусымға дайын.
Б.Жанбосынов «KazOilServis» ЖШС мәліметтері бойынша 6,5 км магистральдық желінің 6.2 км жөндеу жүргізілді. Қалған жұмыс ағымдағы жылдың 21 қазана дейін аяқталады. Сонымен қатар, парламентаралық желілерінің 37,5 км ағымдағы жылы ауыстырылды. Тауық жылы қыс суық болатынын ескеріп, қысқа дайындығын осылай мәлімдеді.