Халыққа қызмет көрсету орталықтары жексенбі күні жұмыс істейді

Жексенбі күні, яғни 22 қаңтарда сағат 8.00 мен 15.00 аралығында Шымкент қаласының Халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істейтін болады.

Азаматтарды тұрғылықты жері бойынша тіркеу үшін үйдің меншік иесі және тіркеуге тұратын азаматтың өзі келуілері тиіс. Екеуі де өзімен бірге жеке басының куәлігін, меншік иесі – пәтерге құқық белгілеуші құжатты, ал тіркеуге тұрушы – АЕК-тің 10 пайыз құрайтын баж салығын төлегені туралы түбіртекті әкелулері шарт.

Айта кетерлігі, Кешеден бері ХҚКО-лардың мобильдік топтары оқу орындарында, базарларда және сауда нүктелерінде жұмыс істеуде. Олар азаматтарға уақытша тіркеу қызметін электрондық үкімет порталы арқылы ресімдеуге көмектеседі.

22 қаңтар, жексенбі күні жұмыс істейтін ХҚКО-лар тізімі
Шымкент қаласы
№1 бөлім — Мәделі Қожа көш., № 1 Г
№3 бөлім — Ə. Жангелді көш., 13А
№5 бөлім — Нұрсат ы/а., 24/1 /1

ПІКІР ЖАЗУ