ӨТКЕН ЖЫЛЫ ОҢТҮСТІКТЕ 600 МЫҢ ТОННА ҰН ЭКСПОРТТАЛҒАН

353
0

Оңтүстік Қазақстан облысының ұн тартушы кәсіпорындары өткен жылы 801 255 тонна ұн тартып, 269 900 тонна кебек шығарған. Шығарылған ұн өнімдерінің құны 62 825 млн. теңгені құраған. Бұл туралы облыстық Кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және туризм басқармасының мамандары хабарлады.

Тартылған ұнның 600 мың тоннаға жуығы, немесе 599 261,5 тоннасы (құны 114 2013,3 мың АҚШ доллары) экспортталып, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан сынды ТМД елдеріне, сонымен қатар, Ауғанстан, Ирак, Қытай және Монғолия сияқты алыс шетелдердің нарығына шығарылған.

Жалпы, өңірімізде ұн тарту кәсібімен оншақты серіктестік айналысады. Атап айтқанда, олар — «Алтын-Дән» ЖШС, «Miller & K» ЖШС, «Kasimhan Grain Products» ЖШС, «Ақнан» ЖШС, «ЮГПИЩЕПРОМ» ЖШС, «Дани-Нан» ЖШС, «Ақ Маржан LTD» ЖШС, «Ордабасы нан» ЖШС, «Grain House 555» ЖШС, «Ерасыл-2030» ЖШС-лары. Олардың ішінде «Алтын дән» ЖШС, «Ерасыл-2030» ЖШС, «Дани-Нан-Group» ЖШС, «Kasimhan Grain Products» ЖШС, «Асыл-LTD» ЖШС-лары негізгі экспорттаушы компаниялар болып табылады.

ОҚО әкімінің баспасөз қызметі