Сотқа деген сенімділік артуы тиіс

396
0

Елбасымыз Н.Назарбаев өзінің жолдауында соттардың беделін көтеру арқылы азаматтардың конституциялық құқықтарының бұзылмауын, сот төрелігін адал да, заңды түрде жүзеге асыруды атап көрсетті. Жолдауда көрсетілгендей, құқықтық реформа және қоғамдағы келеңсіз құбылыстарға қарсы күрестің маңыздылығын түсіне отырып, осы міндеттердің үдесінен шығу жолында еңбек етіп келеміз.

Сот билігі демократиялық мемлекет негізінің бірі болып табылады. Осыған орай, мемлекет басшысының «Қазақстан Республикасындағы соттар мен судьялардың мәртебесі туралы» конституциялық заңдық күші бар Жарлығы соттар қызметінің негізгі қағидаларын, соның ішінде судьялардың құқықтық және әлеуметтік кепілдіктерін айқындап бергені бар.
Бүгінгі таңдағы сот реформасы аясында жүргізіліп жатқан ең ізгі үрдіс еліміздегі соттарды біртіндеп мамандандыру бағыты болып отырғаны рас. Осыған байланысты, сот төрелігін жүргізудің сапасы да артып келеді. Жолдауда тағы бір атап көрсетілген мәселе ол – ақпараттық-коммуникациялық технологияларды барынша дамытуға және «Электронды үкімет» жүйесін қалыптастыруға да ерекше назар аударылды. Елбасы тапсырмасына байланысты бұл міндет те біздің сала қызметкерлері үшін маңызды. Қоғамның дамуымен қатар – әкімшілік құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастар да дамып келеді. Елбасы «Судья халықтың айрықша таза әрі кіршіксіз ары. Бұл үшін кадрлармен әлі де көп жұмыс істеуге тура келеді» — деп атап көрсеткені бар. Демек, мемлекет басшысы белгіліп берген стратегиялық бағыт – сот жүйесі үшін де аса маңызды.

Райымхан ЗАППАРОВ, 
ОҚО қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы.