«ОРДАБАСЫНЫҢ» БИЫЛҒЫ МЕЖЕСІ ҮЗДІК ҮШТІККЕ ЕНУ

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев «Ордабасы» футбол командасының жаттықтырушылары мен ойыншыларын қабылдап, жаңа маусымдағы дайындығымен танысты, деп хабарлайды ОҚО әкімінің баспасөз қызметі.

Кездесу барысында клуб құрамына алынған аяқдоп шеберлерінің мүмкіндігі сараланып, жергілікті команданың алдағы мақсат-міндеттері айқындалды. Өз кезегінде аймақ басшысы жергілікті футболды дамыту төңерегіндегі бірқатар мәселелерге кеңінен тоқталды. Алдағы уақытта “Қажымұқан” атындағы орталық стадион заманауи жарықтандыру жүйесімен жабдықталатын болады. Бұл УЕФА-ның талабы. Жансейіт Қансейітұлы «Ордабасы» командасына еурокубоктық ойындарда жоғарғы денгейде өнер көрсетуіне тілектестік білдірді. «Әлемде футболдың жанкүерлері миллиондап саналады. Өмір көрсеткендей ешқандай клуб егер жақсы ойыншылары болмаса жақсы нәтижеге жете алмайды. Алаңдаған әрбір ойыншы көптеген қасиеттерге ие болуы керек. Ең бастысы – әр футболшы жергілікті жанкүйерлердің үмітін ақтап, өңіріміздің атын Еуропаға тіпті әлемге танытуға тырысу қажет. Сонда ғана үміт ақталады, спортшылар мақталады»-,деді Ж.Түймебаев. Бұдан соң облыс басшысы «Ордабасы» футбол клубының президенті Бақтияр Байсейтовпен алдағы мақсат-міндеттер жөнінде пікір алмасты. «Ордабасының» жаңа маусымдағы мақсаты – алғашқы айналымда, мықты алты команданың қатарына ену. Ал, ел біріншілігіндегі жүлделі орынға тұрақтау. Бұдан бөлек, Еуропа лигасы ойындарында топтық кезеңге шығу міндеті қойылды. Жиын барысында футболшылар атынан команда капитаны Азат Нұрғалиев сөз алып, «Ордабасы» командасы жаңа маусымға арналған жаттығуларын ойдағыдай өткізгенін жеткізді. «Биыл клуб құрамына мықты футболшылар алынды. Олай болса облыс басшылығы мен жанкүйерлер қойған талапты орындау үшін бар күш-жігерімізді ортаға саламыз», -деді капитан. Сондай-ақ ол футболшылар атынан өңір басшысына команданың бір мүшесі ретінде символикалық жейдесін салтанатты түрде тарту етті. «Сіз де осы команданың бір бөлшегісіз» деп, клубтың арнайы шарфтары мен экипировкаларын сыйға тартты. Облыс басшысы бұл тартуға разылығын білдіріп, командаға жаңа маусымда жоғары нәиже көрсету үшін сәттілік тіледі. Өзі мүше болып қабылданған «Ордабасы» командасының толық құрамымен естелік суретке түсті.
Айта кетейік,«Ордабасы» футбол клубы чемпионаттың тұсаукесер ойынын 8-наурыз күні “Қажымұқан” атындағы орталық стадионда «Астана» футболшыларына қарсы ойынмен бастайды. Сәрсенбі күнігі бұл кездесу сағат 15:00-ге белгіленіп отыр. Еске салар болсақ, жерлестеріміз 1998 жылдан бері ел біріншілігінде 333 ойын өткізіп, оның 108-інде жеңіске жетсе, 80 кездесуді тең аяқтаған. Ал, 145 ойында жеңіліс тапса, ел кубогы жолындағы жарыстың 2007 жылғы финалында Қостанайдың «Тобылынан» ұтылды. 2010 жылы Қазақстан футбол Лигасының Кубогін жеңіп алғанын жалпақ жұрт жақсы біледі. 1994 жылы жерлестеріміз жоғары лига командалары арасында қола медальге қол жеткізді. 2015-2016 жылдары қатарынан жоғары лигада 4 орынға тұрақтап,еурокубоктық ойындарда бақ сынап келеді.

ПІКІР ЖАЗУ