ҚАЗЫҒҰРТ АСУЫНДА EXPO-2017 БЕЛГІСІ ОРНАТЫЛДЫ

216
0

Оңтүстік Қазақстан облысындағы  Қазығұрт асуында 75 метр биіктікте EXPO-2017 логотипі орнатылды.  Әр қанаты 10 метрді құрайтын логотип   ЭКСПО- 2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін насихаттау мақсатында орнатылып отыр.
EXPO-2017 логотипі — жаңартылатын энергияларды – күн энергиясы, теңіз толқындарын, жердің магниттік өрісі мен жел ағындарының күш-қуаты мен символдарын біріктіріп тұр. «Болашақ энергиясы» атты көрменің тақырыбына сәйкес ашық таза түстер пайдаланылған.  Яғни логотип нысаны EXPO-2017 идеясын толығымен ашып, сонымен бірге Қазақстаннның технология жетістіктерін анық көрсетіп тұр
Айта кетейік, ЭКСПО -2017 көрмесі — Қазақстанның негізгі ірі жобаларының бірі. Көрме әлем жұртшылығына Қазақстанның көпұлтты  мәдениеті,  қонақжайлылығы, өнері мен  дәстүрін, тамыры терең тарихын таныстырады.  Әлемдік  қоғамдастықтың алдында Қазақстанның туристік  тартымдылығын және танымалдылығын арттырады. Әсем Астананың одан әрі қарыштап өсуіне  және бұрынғыдан да өршіл  мақсаттарын жүзеге асыруға  жаңа серпін береді.
ОҚО әкімінің баспасөз қызметі