БӘРІМІЗ БІРДЕЙМІЗ, КЕМСІТУДІ БІЛМЕЙМІЗ!

БӘРІМІЗ БІРДЕЙМІЗ, КЕМСІТУДІ БІЛМЕЙМІЗ!

Облыстық Жастар ресурстық орталығы мен «Жастар Шыңы» жастар қоғамдық бірлестігігің ұйымдастыруымен Шымкенттегі «Бейнелеу-өнері мұражайында» «АСТАНА EXPO-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Бәріміз бірдейміз, кемсітуді білмейміз!» атты мүмкіндігі шектеулі жастарға арналған облыстық шығармашылық байқауы өтті.

Байқаудың мақсаты  мүмкіндігі шектеулі дарынды да өнерлі балалар мен жасөспірімдерді анықтау, олардың шығармашылығына қолдау көрсетіп насихаттау, оларға бағыт-бағдар беріп, өмірге деген құштарлығын арттыру, қоғам өмірінің барлық салаларында мүмкіндіктері шектеулі адамдардың шығармашылық әлеуетін дамытуға және өзін-өзі танытуға жәрдемдесу.Шараға аудан, қалалардағы шығармашылыққа бейім, бейнелеу өнеріне қызығушылығы жоғары, мүмкіндігі шектеулі 50-ге жуық жастар қатысты.

Қатысушы жастар шығармашылық көрменің арнайы ережесіне сәйкес, «АСТАНА EXPO-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесі және 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай өздерінің бейнелеу өнерлерін салып, өз шығармашылық қабілеттерін көрермен назарына ұсынды.

Үздік деп танылған суретші жастар бағалы сыйлықтармен, қатысушы жастар арнайы ынталандыру сыйлықтарымен марапатталады.

ПІКІР ЖАЗУ