Тұрғын үйлерге құжаттар қабылданады

Тұрғын үйлерге құжаттар қабылданады

2017 жылдың 27 маусымынан 29 маусым аралығында (сағ.9-00ден сағ.19-00 дейін) «Бәйтерек девелопмент» АҚ-ы бағыты бойынша тұрғын үйлерге құжаттар қабылданады.

Тұрғын үйге мұқтаж кезегінде тіркелген  азаматтардан құжаттар 2 жұмыс күні ішінде қабылданады. Бұл бағыттың операторы – «Бәйтерек девелопмент» АҚ-ы. Шымкент қаласы, Қаратау ауданы, 192 орамда орналасқан №№359, 359/1, 359/2, 359/3, 359/4, 359/5, 359/6, 359/7, 359/11, 359/17 тұрғын үйлердің 332 пәтері пайдалануға берілуге жоспарлануда. Оның ішінде 87-сі бір бөлмелі, 73-і екі бөлмелі, 172-сі үш бөлмелі.

Тұрғын үй сатып алу мүмкіндігімен 20 жылға жалға  беріледі.

 

Пайдалануға берілетін пәтерлер туралы ақпарат

Бөлме саны Түр бойынша жоғарғы алаң, ш.м. Түр бойынша арендалық төлемнің жоғарғы сомасы, теңге Пәтерлердің жалпы саны, дана
1 1 40-41,5 ш.м. 43472,78 87
2 2 58,80-60,10 ш.м. 62956,96 73
3 3 73,30-76,50 ш.м. 80346,08 172
Барлығы: 332

 

Бағдарламаға кімдер қатыса алады:

– көпбалалы отбасылар;

– толық емес отбасылар;

– мүгедек балалары бар немесе тәрбиелеп отырған отбасылар;

– жетім  және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;

– оралмандар;

– 1 және 2 топ мүгедектері;

– мемлекеттік, әскери қызметшілер, арнаулы мемлекеттік органдардың, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері;

 

Бағдарламаның негізгі талаптарына сәйкес, үміткерлер белгілі бір пәтер түріне өтініш береді және мынадай құжаттарды ұсынады:

1)  өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжат;

2)  өтініш беруші мен онымен тұрақты бірге тұратын отбасы мүшелерін тұрғылықты жері бойынша тіркеу туралы мекенжай анықтамасы;

3) неке қию/некені бұзу, жұбайының/зайыбының қайтыс болуы, балалардың тууы туралы куәліктері, өтініш берушінің некеде тұрмайтындығы туралы нотариат куәландырған өтініш;

4)  өтініш берушінің және онымен тұрақты бірге тұратын отбасы мүшелерінің Қазақстан Республикасы аумағы бойынша меншік құқығындағы үйінің немесе сатып алу мүмкіндігімен берілетін тұрғын үйінің бар немесе жоқ екені туралы анықтама;

5) жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар және оның техникалық сипаттамалары (балшықтан құйылған және қаңқалы-қамысты тұрғын үйдегі, жатақханадағы бөлмеде үлесі болған кезде) туралы анықтама, сондай-ақ аталған жағдайларда меншік құқығының туындауын растайтын құжаттар;

6) өтініш берушінің басқа адамдарын  отбасы мүшелері ретінде тану туралы сот шешімі;

7) жалақы туралы анықтама;

8) кезектілік нөмірін немесе бірегей нөмірді көрсете отырып тұрғын үйге мұқтаж (Бағдарламаға қатысуға өтініш берген кезде) есебіне қою туралы мәліметтер;

9) меншікті қаражат және (немесе) қарыз қаражаты есебінен тұрғын үйді сатып алуға дайын екендігі туралы өтініш;

10) «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 67 бабындағы айқындалған мемлекеттік қызметкерлер, әлеуметтік әлсіз топтар және басқа да санаттарды растайтын құжаттар.

Бағдарламаға қатысушыларды іріктеу сатылатын пәтерлер санына сәйкес, кезекке қою күні бойынша жүргізіледі.

Егер өтініш беруші тиісті кірісті растамаса, онда келесі өтініш берушілердің алдын ала тізімдерінен іріктеу жүргізіледі.

Бағдарлама бойынша сатып алу құқығымен жалға пәтер алған үміткерлер тұрғын үйге мұқтажар есебінен шығарылады.

Өтінімдер мен құжаттар Шымкент қаласы әкімдігінің Халықтық кеңселерінде қабылданады. Мекен-жайлары: Шымкент қаласы, Рысқұлов көшесі, №8а, Мәделі Қожа көшесі, №1/16, Қапал батыр көшесі, №4.

ПІКІР ЖАЗУ