Ғайып ерен, қырық шілтенге барып көрдіңіз бе?

180
0

«Рухани жаңғыру»: Туған өлке тарихы
38831494_10160617924610263_9019852554812522496_n

%d1%80%d1%83%d1%85%d0%b0%d0%bd%d0%b8-%d0%b6%d0%b0%d0%bd%d0%b3%d1%8b%d1%80%d1%83-%d0%ba%d0%be%d0%bf%d0%b8%d1%80%d0%be%d0%b2%d0%b0%d1%82%d1%8c
Ғайып ерен, қырық шілтенге барып көрдіңіз бе?

«Патриотизм кіндік қаның тамған жеріңе, өскен ауылыңа, қалаң мен өңіріңе, яғни туған жеріңе деген сүйіспеншіліктен басталады. Әрбір жер атауының төркіні туралы талай-талай аңыздар мен әңгімелер бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс. Туған жерге деген сүйіспеншілік Туған елге – Қазақстанға деген патриоттық сезімге ұласады».
(Елбасы Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:
рухани жаңғыру» атты мақаласынан)

Арабтың ғұламасы әл-Газали әл-Фарабимен замандас болыпты. 13-14 жастағы әл-Газали Үндістаннан араб елдеріне білім іздеп шығады. Ол мінген керуенге жол бойы қырық қарақшы жолығып, бұлардан ақша талап етеді. Жолаушылар бар қаржысын жасырып бақса, бала газали анасы берген тиынның бәрін қарақшыларға санап береді. Баланың бұл ісіне таңырқаған қарақшылар себебін сұрайды. Сонда әл-Газали анасының «Құдайдан қорық, адам баласына қиянат жасама, өтірік айтпа, адалдан мал тап» деген ақылын айтып береді. Қарақшылар баланың тегін емес екенін байқап, тартып алған ақшасын қайтарып беріп, бата сұрайды. Батадан соң, қарақшылар құсқа айналып, жоғарыға ұшып кетеді. Содан бастап «Ғайып ерен қырық шілтен» атанады. Оларға Алла тағала тарапынан қиын-қыстау жағдайға ұшыраған мұсылмандарға көмектесу міндеті тапсырылады
Жапсарлас тұрған екі алып тастың ортасынан өткен адамның күнәсі көп болса, қос тас оны қысып, ал, керісінше, сүттен ақ, судан таза болған жағдайда еш кедергісіз, емін-еркін өтетін көрінеді. Ал, егер, қысып қалғандай жағдай болса, онда, көзіңе неше түрлі бақа-шаяндар елестейді-міс…

А.Шотаев