ҚОЛӨНЕРШІНІҢ БҰЙЫМЫНА СҰРАНЫС КӨП

180
0

Қазіргі таңда жеке адам ғана емес, тұтас халық¬тың
өзі бәсекелік қабілетін арттырса ғана та¬быс¬қа
жетуге мүмкіндік алады.
Бәсекелік қабілет дегеніміз – ұлттың аймақтық
немесе жаһандық нарықта бағасы, я болмаса сапасы
жөнінен өзгелерден ұтымды дүние ұсы¬на алуы.
Бұл материалдық өнім ғана емес, соны¬мен бірге,
білім, қызмет, зияткерлік өнім немесе сапалы
еңбек ресурстары болуы мүмкін.
(Елбасы Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:
рухани жаңғыру» атты мақаласынан)

Қолөнер – дәстүрлі тұтыну және сәндік бұйымдарын жасайтын ұсақ өндіріс. Жеке кәсіпкер Асқар тері бұйымдарынан сұранысқа сәйкес белдік, әмиян және теріден жасалынатын бұйымдарды тапсырыс бойынша жасайды. Үйінің бір бөлмесін шеберханаға айналдырып алған қолөнерші шикізатты шетелден емес, өзіміздің өндірушілерден алады. Өте сапалы өнімдерді қолжетімді бағаға сатып жүрген шебер көзімізше бір әмиян мен белдік тігіп тастады. Болашақта кәсібін кеңейткісі келеді. Асқарға сәттілік тілеп, жемісін көруін тіледік. Ал, сіздер «Пырақ» компаниясының өнімдерін инстаграмдағы pyraq1 парақшасынан қарай аласыздар. Сіздер де теріден жасалатын кез-келген өнімді тапсырыспен жасата аласыздар. Дәл қазір әмиян мен белдіктердің түр-түрін жасауда.

А.ШОТАЕВ.
%d1%80%d1%83%d1%85%d0%b0%d0%bd%d0%b8-%d0%b6%d0%b0%d0%bd%d0%b3%d1%8b%d1%80%d1%83-%d0%ba%d0%be%d0%bf%d0%b8%d1%80%d0%be%d0%b2%d0%b0%d1%82%d1%8c

33524333_10160326562605263_4638362640123428864_n