ҚАСҚАСУДЫҢ ЫСТЫҚ ҚҰШАҒЫ..

198
0

Сайрамсуға келіп пе едіңіздер, көріп пе едіңіздер? Жері жомарт. Биік тауымен ерекшеленіп тұр. Өгем жотасының ең биік жері (4299 м) Сайрам шыңы алыстан менмұндалайды, көз тартады. Ондай сұлулықты көргенде тілің де байланып қалады екен. Сұлулыққа сұлулық қосып тұр.
Суы тұнық. Дәмі балдай. Табиғаттың тамашасы осындай дейтін-ақ жер. Тазалық. Биіктік. Мөлдірлік.
Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркі Батыс Тянь-Шань тау жүйесінің солтүстік-шығыс бөлігін қамтиды және Өгем, Қаржантау, Боралдай, сонымен қатар, Талас Алатауының солтүстік батыс бөктерін алып жатқан табиғаты тамаша мекен. Аумағы 149 037 гектар. Ұлттық парктің территориясынан Өгем, Сайрамсу, Қасқасу, Біркөлік, Машат, Даубаба және Көкбұлақ өзендері ағып өтеді. Былтыр мұнда 15 мың турист келсе, биыл келушілердің қатары артып, 20 мыңға жуықтапты.
Соңғы деректер бойынша Төлеби ауданында 46 демалыс аймағы бар екен. Біразында тынығып, демалған да боларсыздар. «Алматау», «Қасқасу Эковиллаж», «Бастау», «Тау самалы», «Алтын Дән».. Осылай жалғаса береді. Сөз жоқ, сүйінішті. «Оңтүстік» туризм орталығының директоры Жасұлан Тулебековтың айтуынша, мұнда қазір ірі жоба қолға алынған. «Қасқасу» тау шаңғысы курортының құрылысы. 235 гектар жер. Құны 3 млрд-қа теңгеге жуық. Онда екі ірі база бой көтермек (1-нде спорттық база, 2-нде демалыс аймағы). Қазір 400 млн тг игеріліп, инфрақұрылым жұмыстары жүргізіліпті. Мұнда қоңыр күзден көктемнің ортасына дейін шаңғы тебуге мүмкіндік тумақ. Жазда тау баурайындағы демалыс аймақтары туристерге қызмет көрсетеді. Демек, Қасқасуда жылдың барлық мезгілінде демаласыз. Жоба толық жүзеге асса, Шымбұлақтан артық болмаса, кем болмайды. Болашақта туристер ағылатын мекеніңіз осы тамаша жер болады деген тәтті арман бар көкейімізде. Құдай сәтін салсын дейік.
С.Тастанбек

%d1%80%d1%83%d1%85%d0%b0%d0%bd%d0%b8-%d0%b6%d0%b0%d0%bd%d0%b3%d1%8b%d1%80%d1%83-%d0%ba%d0%be%d0%bf%d0%b8%d1%80%d0%be%d0%b2%d0%b0%d1%82%d1%8c

012