«ЕР ТҮРІКТІҢ БЕСІГІ» — ҚАЙТА ТҮЛЕМЕК

149
0

Әрбір қазақ жатқа білетін-ұлы Мағжан «Ер түріктің бесігі» деп бағасын берген Түркістан қаласы заманауи жағынан жаңармақ…
Мемлекет басшысы кешегі Парламент сессиясында бұл мәселеге ерекше тоқталды.
Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың Шымкент халқының 1 миллионнан асуына байланысты қалаға республикалық мәртебе беруін, Түркістан облысының құрылуын Қазақстан халқы зор қуанышпен қабылдады. Бұл халқымыздың көкейінде көптен жүрген мәселе еді…
Шымкент – XIV ғасырда қазығы қағылып, өсіп жетіліп, әдебиет пен мәдениеттің, қайнаған өндірістің ошағына айналған қала. Қысқалау қайырсақ, республикалық мәртебеге лайықты қала. Түркістан қаласы болса тарихының тамыры тереңге кеткен көне қалалардың бірі де бірегейі. Қожа Ахмет Ясауи бабамыздың кесенесі орналасқан, қазақтың небір жақсысы мен жайсаңы, хандары мен билері мәңгілік тыныс тапқан қасиетті жер.
Елбасы Жарлығы қазір 200 мыңға жуық тұрғыны бар Түркістан қаласының өсіп өркендеуінің бастауы болады. Мұнан былай облыс орталығы ретінде Түркістанның орны ерекшелене түседі. Өңірімізде туризмнің дамуына, экономиканың өркендеуіне даңғыл жол ашылмақ.
Енді Түркістан қаласына инвестиция молынан тартылады. Сонымен бірге өткен жылы ғана түркі әлемінің мәдени астанасы деген атауға ие болса, енді Түркі әлемінің нағыз орталығына айналуына толық негіз бар.
Әлімжан ҚҰРТАЕВ, Сенат депутаты

89