ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫЛАРЫ ЖЕҢІМПАЗ ОТБАСЫЛАРДЫ ҚҰТТЫҚТАДЫ

163
0

Ағымдағы жылдың 5 қыркүйек күні ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы мен Түркістан облысындағы департаменттерінің ұйымдастыруымен «Отан отбасынан басталады» атты байқаудың жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.
Байқау жеңімпаздарын марапаттау «Отбасы күніне» орайластырды.
Дәл осы тәрбие беру үрдісі адам бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға негіз болып табылады. Бұл орайда басты рөл отбасыға берілген. Әр ата-ана шынайы құндылықтарды таңдауда үлгі болуы керек. Сондықтан да, Департаменттермен «Отан отбасынан басталады» бейнероликтер конкурсы жарияланған болатын.
Байқаудың басты мақсаты — сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік қағидатын қалыптастыру мен нығайтуда отбасы институтын күшейту, балаларды тәрбиелеуде ата-аналардың жауапкершілігін арттыру, отбасылық құндылықтарын көрсету және кеңінен насихаттау болып табылады.
Маусым айында жарияланған байқауға үш номинация бойынша аудан,қалалардан 12 отбасы қатысты. «Тың идея», «Сапалы кадр» номинациялары бойынша жеңімпаздар байқау комиссиялары тарапынан іріктелсе, «Көрермен көзайымы» номинациясы бойынша Шымкент қаласы мен Түркістан облыстарының тұғындары интернет-ресурсты қолдана отырып дауыс беру арқылы жеңімпаз отбасыны анықтады.
Іс-шараға қатысқан қос Департаменттің басшылары Әли Көмекбаев және Ғалым Тұрсынбаев қатысушыларға алғыс білдіріп, келе жатқан «Отбасы күнімен құттықтады».
«Сапалы кадр» номинациясымен Арыс қаласынан Жүнісовтердің отбасы, «Көрермен көзайымы»номинациясымен Түлкібас ауданынан Жұмасейтовтар отбасы марапатталса, «Тың идея» номинациясымен Төлеби аудандық Абдукаимовтар отбасы грамотамен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
Іс-шара соңында байқау жеңімпаздары ұйымдастырушыларға өткізілген іс-шара отбасыларға берілген үлкен мүмкіндік екендігін жеткізіп, мұндай іс-шараларды алдағы уақытта да жиі өткізуді сұрады.
Айта кетейік, аталған конкурсты бағалайтын комиссия құрамына Департаменттер қызметкерлерінен бөлек,Арнайы мониторингтік топ мүшелері, «Нұр Отан» партиясы, жастар және БАҚ өкілдері енген.

96