МӘҢГІЛІК ЕЛ-МӘРТЕБЕЛІ ТІЛ

143
0

«Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы-тілі. Сөзі жоғалған жұрттың өзі де жоғалады», — деп ақын, тіл атасы А.Байтұрсынұлы айтып өткендей, Қазақстан халқы тілдері күніне орай Балқаш ауданы әкімінің аудандық кітапханасының ұйымдастыруымен 5.09.2018 жылы «Мәңгілік ел-мәртебелі тіл» атты кездесу кеші өткізілді. Шараға ауданның құрметті азаматы, ақын Ж.Демеуқұлов, дін істері инспекторы, жас ақын М.Әбілхами, «Нұр Отан» партиясының аудандық филиалының эксперті Ж.Оразбекова, аудан әкімінің баспасөз хатшысы А.Ибрагимова, жастар орталығының маманы К.Берікбай, Бақанас және Б.Бейсекбаев атындағы орта мектептерінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері М.Тұрсынова, Н.Қуанышбек, колледж білімгерлері, мектеп оқушылары, кітапхана оқырмандары қатысты. Кеш барысында «Туған тілім-Алаштың ұлы рухы» атты тақырыпта әдеби композиция, «Ана тілім-дана тілім, бақ тілім» атты слайд-шолу көрсетіліп, ақындар Ж.Жұмағалиұлы мен жас ақын М.Әбілхами өз қаламдарынан туындаған арнау-жырларын тарту етті. «Тіл-халықтың қазынасы» атты кітап көрмесі ұсынылып, кеш әсем ән мен тәтті күйге ұласып, кешке қатысушылардың қосыла шырқауымен «Атамекен» әнімен аяқталды.109