БҮГІН ГРЕКИЯДАҒЫ ЯСАУИ МҰРАЛАРЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КӨРМЕСІНІҢ СОҢҒЫ КҮНІ

180
0

Грекияның Салоники қаласында өтіп жатқан «Philoxenia-2018» ең ірі халықаралық көрмесінде «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейінің мұралары Елбасымыздың цифрландыру жүйесі негізінде дайындалып, халықаралық көрмеде алғаш рет көзілдірік арқылы таныстырылуда.
Жәдігерлер қатарында 1871-1972 жылдары түсірілген А.Кунның фотоальбомынан туындылары және кесененің әр жылдардағы бейнелері мен Түркістанның көріністері, тайқазан, шырағдан суреттері, Қожа Ахмет Ясауи мен тайқазан макеттерін бар.
Сондай-ақ, Ясауи кесенесі мен Қылует жерасты мешіті, Шығыс моншасы, Гаухар ана, Укаша ата кесенесі мен құдығы, Сауран қалашығы сынды тарихи орындардың 3D тур нұсқасы таныстырылуда.
Сонымен қатар, қорық-музейдің тарихи орындары мен музей хақында үш тілде жарық көрген буклет кітапшалары мен жәдігерлердің каталог кітаптары көрме экспозициясынан орын алды.

3