ҚАЗАҚСТАН БІРЛІК ПЕН ТАТУЛЫҚТЫҢ МЕКЕНІ

Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйытқы болуымен «Мен қазақша сөйлеймін» атты жалпы республикалық акциясы Мақтаарал ауданында өз жалғасын табуда. Мақтаарал Аграрлық колледжі студенттері осыған орай іс-шара ұйымдастырылып, өзге ұлт өкілдері мемлекеттік тілді қаншалықты меңгергендерін көрсетті. Мақсат – тіл мәртебесін арттыру. Оған этно – мәдени бірлестіктер белсене атсалысты.
Қазақстан бірлік пен татулықтың мекені. Қазақ елінде ынтымағы жарасқан 140-тан астам ұлт өкілдері тұрады. Олардың барлығының жүрегінде бір ел, бір арман, бір сенім және барлығы да Қазақстанмен байланысқан. Сондай-ақ елімізде тұратын өзге ұлт өкілдері арасында қазақ тілін үйренуге деген құлшыныс жылдан жылға артып келеді.
«Мен қазақша сөйлеймін» акциясына қатысушылардың сөзінше, тіл үйренуде ешқандай қиындық жоқ. Тек меңгергісі келетін кез-келген адам ниеттенсе болғаны. Өзге ұлт өкілдерінің қазақ тілін меңгеріп, еркін сөйлеуі, ана тілін білмейтін жастарға ой салса екен дейді

1111

ПІКІР ЖАЗУ