«Сенген қойым сен болсаң…»

188
0

Қарағандыдағы тұрмыстық кикілжің салдарынан орын алған төбелес ел назарында. 31 желтоқсаннан 1-қаңтарға қараған түні болған қанды оқиғаның қалай өрбігені жайында деректер алғашында бүкпеленгенмен, бірер күннен соң еліміздің Ішкі істер министрлігі осы оқиға қатысты дереккөздерді жариялады. Көзі қарақты оқырман бұдан хабардар екені бізге жақсы мәлім. Ендеше бұл жайында көп созбай, айтар ойымызға ойысайық.

photo_36719 (1)
– Бұл жайында тыңдағым да келмейді. Мен неге елімізде болып жатқан әр жанжалға араласуым керек? Бұл менің міндетіме кірмейді. Сіздің де міндетіңіз емес. Мүмкін сізге, журналист ретінде жаңалық ойлап тауып, соны жарыққа шығару керек шығар, — дейді.
Халық пен биліктің арасында алтын көпір болады деп сенген білдей депутат елде болып жатқан мазасыз жағдайға осылай деп пікір танытқаны «сасқан үйрек артымен сүңгидінің» керіне көп ұқсады.
Естеріңізде болса, бір кездері нақ осы коммунистер көсемі қызметке енді ғана қабылданған кеденшілердің айналасы бір-екі жылдың ішінде қымбат автокөлік мініп, зәулім үй тұрғызып алатынын, олардың еңбекақысы аз уақытта осындай мүліктерді иемденуге жетпейтінін айтып, оны жемқорлықтың жарқын көрінісімен байланыстырған еді. Одан алдын Ішкі істер министріне Астанада жасырын притондардың жұмысын жүргізіп жүрген азғындардың атын атап, түсін түстеуді талап етіп, Елорданы жезөкшелерден тазарту қажеттігін табандап сұраған болатын.
Жемқорлық пен жезөкшелікке осылай «жаны ауырып» жүрген депутаттың Қарағандыда болған жанжалға қатысым жоқ деуін қалай түсінуге болады? Сексеннің сеңгіріне шықса да халықтың қолдауының арқасында мандатты болып отырған депутаттың бұлайша «жаңылуын» неге жоруға болады? Бұл «жаны ашымағанның қасында басың ауырмасынның» кері ме, әлде шаршағанның көрінісі ме?

А. САТЫБАЛДЫ.
«Уақыт» газеті.