ШЫМКЕНТ ӘКІМІНЕ СҰРАҒЫҢЫЗ БАР МА?

144
0

2019 жылғы 15-ақпан күні сағат 11.00-де, Шымкент қаласындағы «Түркістан» сарайында Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Рахматоллаұлы Әбдірахымов 2018 жылы атқарылған жұмыстары бойынша халық алдында есеп береді. Бұл туралы хабарландыру қала әкімдігінің ресми сайтында мәлімделген.

Хабарландыруда тұрғындар қала әкімдігі мен оған қарасты басқармалардың жұмысына қатысты көкейінде жүрген сұрақтары, мазалаған мәселелері бойынша қандай да бір ұсыныс-пікірлерін жазбаша түрде қалалық газет редакцияларына жолдауға немесе аудан әкімдіктерінде орнатылған жәшіктерге салуға болатындығы айтылған. Ғ.Р.Әбдірахымовтың есеп беру кездесуі алдында тұрғындардың сұрақтары мен ұсыныстары үшін арналған жәшіктер 17 жерге орнатылған. Олардың орындарының тізімі қала әкімдігінің ресми сайтында көрсетілген.

Бұдан бөлек онда тұрғындар өз сауалдарын қала әкімдігіндегі 24-70-96 телефонына қоңырау шалып айтуға, 8-777-885-85-13 ұялы байланыс нөмірі бойынша WhatsApp мессенджеріне жазуға немесе wopros_akimu_shymkent@mail.ru электронды поштасына жолдауға болатыны хабарланған.
uakit.kz