ШЫМКЕНТТЕГІ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДА МЕДИАЦИЯЛЫҚ КАБИНЕТТЕР АШЫЛАДЫ

152
0

Қазіргі таңда еліміздің барлық аумағында медиация институтын дамыту басты мәселеге айналып отыр. Бұл екі жақ арасындағы жанжалдардың сотқа жеткізілмей шешіліп, олардың «өгіз өлмейтін, арба сынбайтын» мәмілеге келуін қамтамасыз ететін жүйе.

Осы бағытта Шымкентте медиация институтын дамытуға көп мән беріліп отыр. Кеше ғана қалалық сот ғимаратында «Тұрғындарды қабылдау» орталығының ашылуы соған дәлел. Тараптарды татуластыруда жетекші мәнге ие болатын бұл орталықтың ашылу рәсіміне қала әкімі Ғ. Әбдірахымов пен қалалық соттың төрағасы Е. Рахымбеков қатысты. Бұл шара аясында олар Шымкент әкімдігі мен қалалық сот арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Аталған меморандум негізінде енді үшінші мегаполистегі мемлекеттік органдарда медиациялық кабинеттер ашылатын болады.
uakit.kz