АҚПАНДА АСЫҒЫП ЖҮРМЕҢІЗ

266
0

Елімізге танымал астролог Ирина Абдраимова 2019 жылдың ақпан айында атышулы оқиғалар аз болатынын айтады. Бұл туралы uakit.kz Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Астролог иек астында тұрған ақпан айында қазақстандқтарды не күтіп тұрғаны туралы айтып берген.
Сонымен, астрологтың айтуынша Сіз айдың басында көңіліз тыныш таппай, дегбіріңіз қашып, кез келген жерде асығып жүресіз. Бірақ өзіңізді іштей сабырға шақырып, ақырын жүрмесеңіз, күтпеген жерден жарақат алып қалуыңыз ғажап емес. Сондықтан да көлігіңізді тізгіндегенде барынша байсалдылық танытып, сақтық шараларын ұмытпағаныңыз өзіңіз үшін де, жақындарыңыз үшін де пайдалы болмақ.
Сөз басын осындай кеңеспен бастаған астролог қажет болса ешкіммен сөз таластырмауға шақырады. Яғни, «беттескеннің беті қара» болатынын да біліп жүргейсіз. Сонымен қатар Сіз осы айда адамдармен достық қарым-қатынас орнатып, өмірлік серік болар адамды табуға талпынатын боласыз.
«Бұға берсең, сұға береді» дегенді басшылыққа алып, Сіз өзіңізді еркіндігіңізге шек қоймақ болғандарға табанда тойтарыс беріп тайтасыз. Мұны көңілге жақын қабылдаудың қажеті жоқ. Себебі өмір болған соң ондай жәйттер болып тұратынын біліп жүргейсіз.
Осы айда Сіз бірнеше тың бастамалар мен жаңа идеяларды ойлап табуда ұпай жинайсыз.
Ақпанда біраз кәсіпкерлердің ісі алға басатын көрінеді. Жалпы еңбектен қол үзбейтін адамдар тап осы айда қаржыдан қысылмақ емес.
Зерттеуші өз болжауында ақпанда қызмет көрсету саласы мен жылжымайтын мүлікке қатысты бизнестер өте жақсы жүретінін, сонымен қатар, шығармашылық жұмыспен айналысатын адамдардың жолы болатынын да атап өткен.
Ендеше, келер күннен тек жақсылық күтейік.

uakit.kz