КӘСІПКЕРДІҢ ЖОМАРТТЫҒЫ ЕКІ ЖАНҰЯНЫ БАҚЫТҚА БӨЛЕДІ

170
0

Елімізде шекесі шылқыған бай-бағландар жетерлік. Бірақ олардың арасында кәсібі өрге басқанмен, көңілі мен пейілі асып, таспайтындары болады. Керісінше олардың қатарында қамкөңіл жандарға, жетім-жесірлерге, көп балалы аналарға қолдан келер көмегін аямайтын ер мінезді берен азаматтары да жиі кездеседі.  Солардың бірі Түркістан облысы, Қазығұрт ауданының кәсіпкері, «Қайып ата» ЖШС-нің басшысы Сырым Ертаев.

 

Облыстағы мал шаруашылығын дамытуда белді әрі белсенді кәсіпкер жуырда өз қаржысы есебінен 2 отбасыға баспана салып берген. Сөйтіп біраз жылдан бері «өз үйі – өлең төсегі» болмағаннан жаны қысылған жанұялар әп-сәтте қуаныштан төбелері көкке екі елі жетпей бақытқа бөленген.

Естеріңізде болса, 2017 жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Сырым Ертаевтың есімі «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасында бүгінгі қоғамның озаты ретінде енген болатын.

uakit.kz