«ХАЛЫҚҚА ЖАҚСЫ БОЛДЫ. ӘКІМГЕ РЕСПЕКТ» Шымкентте жаңа бағыттардың ашылғанына жұрт дән риза

«ХАЛЫҚҚА ЖАҚСЫ БОЛДЫ. ӘКІМГЕ РЕСПЕКТ» Шымкентте жаңа бағыттардың ашылғанына жұрт дән риза

Аптаның алғашқы күні  Шымкенттегі бірқатар шағынауданның тұрғындары үшін көзайым жаңалықтан басталды. Себебі қаланың орталығынан қашық жатқан бірқатар шағынаудандарда қоғамдық көліктер қатынай бастады. Ақжолтай ақпаратты жалпақ жұртқа алғашқылардың бірі болып қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов инстаграм парақшасы арқылы хабарлады.

Өз жазбасында ол бүгіннен бастап қалада №142, 143, 144 және 146-шы жаңа бағыттары бойынша қоғамдық көліктер қатынай бастағанын, олар «Текесу», «Бадам-2», «Жыланбұзған», «Айнатас», «Елтай», «Жаңаталап», «Көкбұлақ» және «Алтынтөбе» шағынауданы тұрғындарының игілігі үшін қызмет ететінін мәлімдеген.
Өз кезегінде желі қолданушылары қала әкіміне қарата «Жарайсыз!», «Күшті болды ғой», «Халыққа жақсы болды. Әкімге респект», «Рахмет, өмір жасыңыз ұзақ болсын!» деген тілек қалдыруда.

Ал bagira_gold.kz деген атпен тіркелген желі қолданушысы «Ия бүгін 146-ны көріп таң қалып қалдым» деп  жаңа бағыттың ашылғанына қуанышын білдірген.

uakit.kz

ПІКІР ЖАЗУ