Ғабидолла ӘБДІРАХЫМОВ, Шымкент әкімі: «МЕМЛЕКЕТТІК САТЫП АЛУ БАСҚАРМАСЫН ҚҰРУ – УАҚЫТ ТАЛАБЫ»

156
0

Енді үшінші мегаполисте мемлекеттік сатып алу басқармасы жұмыс істейтін болады.

Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс қырық сегізінші сессиясында депутаттар жергілікті биліктің мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастыратын басқарма құру туралы ұсынысын бірауыздан қолдады.

Бұл туралы uakit.kz Шымкент қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды. Отырыста қала әкімі Ғабидолла Әбдірахымов:

–  Мұндай  басқарма құру – уақыт талабы. Енді барлық мемлекеттік сатып алу жұмыстарын осы басқарма жүзеге асырады. Жақсы мамандарды жұмысқа қабылдаймыз. Яғни, мердігерлер бойынша жұмыс жанданып, жалақы төлеу мәселелері шешіледі. Ал мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобаларының барлығы да қаланың дамуына серпін береді,-деді.

uakit.kz