БИЫЛ ШЫМКЕНТТЕ ҚАНДАЙ ІШКІ ОРАМ КӨШЕЛЕРІ ОРТАША ЖӨНДЕУДЕН ӨТЕДІ?

139
0

Шымкент әкімі Ғабидолла Әбдірахымов өзінің ресми инстаграм желісінде осы жылы жазда шаң-тозаңнан, ал қыс мезгілінде  лай-батпаққа айналудан біржола арылатын қаладағы ішкі орам көшелерінің тізімін жариялады. 

Үшінші мегаполис басшысының @gabidullaabdrakhimov  инстаграм парақшасында  келтірген дерегіне сүйенсек, биыл Шымкенттегі «Достық» шағынауданындағы Мұзтау, «Жалын» тұрғын алабындағы Көктал, Ягодная, «Ынтымақ» шағын ауданындағы Баян-Сұлу, «Тельман» бөлімшесіндегі Жұмабаев, «Қазығұрт» шағын ауданындағы Ш. Уәлиханов, «Қызылжар» шағынауданындағы К. Кекилов,  Р. Жұмабеков, Рамазан ата көшелері асфальтталатын болады. Мұндай жұмыстар «Солтүстік-Батыс» шағынауданындағы Талас, Аламан, «Қайтпас – 1»-дегі Алтай, «Қайтпас– 2»-дегі Б. Серикбаев және «Қайтпас» шағынауданындағы Дайрабеков көшелеріне де жүргізілмек. Бұдан бөлек «Қайнарбұлақ», «Мәртөбе», «Маятас» тұрғын алаптарындағы А. Бөлешов, Пушкин, Рысқұлбеков, Б. Момышұлы және т.б көшелер де орташа жөндеуден өтеді. Шымкенттегі Еңбекші және Әл-Фараби аудандарындағы Қ. Қалмырзаев, М. Данов, Дружба народов, Ш. Шаймерденов көшелері де орташа жөндеуден өткізілмек. Сонымен қатар, К. Маркс бөлімшесіндегі Ермексу, Молдағұлова, «Самал-2» шағынауданындағы Ризашылық,  «Самал-3» шағынауданындағы Естемес би, Мұғалжар, Нұрлы таң көшелері де жөндеу жұмыстарынан өтетін болады.

uakit.kz