ШӨКЕЕВ ШАРДАРАЛЫҚ ШАРУАЛАРДЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

ШӨКЕЕВ ШАРДАРАЛЫҚ ШАРУАЛАРДЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев жұмыс сапарымен Шардара ауданына барып, Жаушықұм ауыл округіндегі  «Тұрар» шаруа қожалығының жұмысымен танысты. Бұл туралы uakit.kz облыс әкімдігініңбаспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.  

2012 жылы жұмысын бастаған қожалық бүгінде 95 гектар жерді игеріп, пияз (35га),  мақта (45 га), бақша (20 га) дақылдарын егумен айналысады. Серіктестікте 20 адам жұмыспен қамтылған.

Шаруа қожалығының жұмысымен танысқан облыс әкімі өнім көлемін арттыруда жаңа технологиялардың жетістігін баяндады.

«Егін шаруашылығында өнімді арттырудың бірден бір тәсілі – тамшылатып суғару технологиясын пайдалану. Суды да үнемдеу арқылы мол өнім алуға болады. Сондай-ақ, ұсақ шаруа қожалықтарын біріктіріп, кооперативтендіру қолға алуынуы керек. Бұл ең алдымен шаруалар үшін тиімді. Сонымен қатар, игерілмей жатқан жерлер қатаң бақылауда болуы тиіс. Аграрлық өңір ретінде өз мүмкіндіктерімізді пайдалануымыз қажет», – деді Өмірзақ Естайұлы.

Бұдан бөлек Өмірзақ Естайұлы аудандағы “Хамит” ауылшаруашылық өндірістік кооперативінің балық өңдеу зауытына аялдады. 2007 жылы құрылған өндіріс орны бүгінде 250 адамды тұрақты жұмыспен қамтып отыр. Зауытқа қажетті шикізат Шардара су қоймасынан, Атырау мен Аралдан тасымалданып, қайта өңделуде. Шығарылатын өнім экспортқа Еуропа елдеріне бағытталған. Жылына 2500 тонна балық өнімдерін өндіреді.

 uakit.kz

ПІКІР ЖАЗУ