КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ДАМУЫНА ГЕРМАНИЯНЫҢ ҮЛЕСІ ЗОР

КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ДАМУЫНА ГЕРМАНИЯНЫҢ ҮЛЕСІ ЗОР

Германия елінің кәсіпкерлері Шымкентте атқарылатын бірнеше жобаларды жүзеге асыруға қатысу арқылы, екі жақты іскерлік қарым-қатынасты барынша нығайтуға ниетті.

Бұл  туралы Шымкент әкімі Ғабидолла Әбдірахымов Германия Федеративті Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Тило Клиннер бастаған делегациямен кездесуі кезінде айтылды. Тило Клиннер бастаған делегатпен кездесу кезінде Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов Германияны сенімді серіктес әрі тұрақты инвестор деп санайтынын, қарсы тараптың тек шағын және орта бизнесті дамытуға ғана емес өзге де  салада ынтымақтастық байланысты дамытуға ынталы екенін баса айта отырып, ризашылық білдірді.

Бүгінде «Шымкентцемент» АҚ-ның германиялық «Heidelbergcement» компаниясының қатысуымен цемент зауытын жаңғырту жобасын жүзеге асырғаны соған дәлел. Бұдан бөлек үшінші мегаполистегі «Karlskrona LC AB», «AsiaTrafo», «Бал Текстиль», «AZALA Textile» сынды ірі кәсіпорындар алдыңғы қатарлы неміс компанияларының технологиялары мен жабдықтарын қолданады.

ПІКІР ЖАЗУ