ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВҚА СЕНІМ АРТТЫ

161
0

2019 жылдың 9-маусымында Қазақстанда өткен кезектен тыс президент сайлауында Қасым-Жомарт Тоқаев жеңіске жетті. Саулаушылардың басым көпшілігі  Қасым-Жомарт Тоқаевқа дауыс берді. 

Биылғы кезектен тыс президент сайлауына енгізілген сайлаушылардың саны 11 миллион 947 мың 995 адамды құраған болатын. Орталық сайлау комиссиясы тізімге енгізілген сайлаушылардың 77,4 пайызы дауыс беру бюллетенін алғанын ресми түрде хабарлады.

Экзитпол нәтижесі бойынша Президенттің кезектен тыс сайлауы барысында сайлаушылардың 70,13 проценті кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевқа дауыс берген. Ал Әміржан Қосановқа дауыс берушілердің 15,39 пайызы сенім артқан. Науқанға қатысқан халықтың 5,32 пайызы Дания Еспаеваның кандилатурасын қолдаса, 3,06 пайызы Жамбыл Ахметбековке, 3,03 пайызы Төлеутай Рахмбековке, 1,41 пайызы Амангелді Таспиховке қолдау көрсеткен. Кандидаттардың дауыс беру көрсеткіші бойынша ең аз дауысты Сәдібек Түгел алған. Оған дауыс берген халық саны жалпы сайлаушылардың 0,86 пайызын құраған.

uakit.kz