ҰЛТТЫҚ АРНА ҰЛЫ АҚЫН ТУРАЛЫ ТЕЛЕХИКАЯҒА БАЙҚАУ ЖАРИЯЛАДЫ

156
0

«Қазақстан» РТРК» АҚ Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған телехикаяға байқау жариялайды деп хабарлайды uakit.kz редакцияға келіп түскен хабарламаға сілтеме жасап.
Өз кезегінде хабарламада ««Қазақстан» РТРК» АҚ ұлы ақын, жазушы ағартушы Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай телехикая түсіреді.
Осыған байланысты, телехикаяның сценарлық идеясына байқау жариялайды. Байқауға қатысу үшін орындаушы компания — идея, синопсис, сондай-ақ, концепция ұсынуы шарт. Ұсыныстар тарихи фильмдер мен телехикаялар өндірісінде тәжірибесі бар, техникалық мүмкіндіктері жоғары компаниялардан ғана қабылданады» делінген.
uakit.kz