ЖЕТІСАЙДА ЖОЛ ЖӨНДЕУ ҚАРҚЫН АЛДЫ

170
0

Биыл Түркістан облысы Жетісай ауданында 31 ішкі көше орта жөндеуден өтетін болады. Бұл үшін жергілікті бюджеттен 272 млн. 40 мың теңге бағытталып отыр, деп хабарлайды uakit.kz Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазіргі таңда 16 көшені жөндеуге қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары бастау алған. Сонымен қатар, жалпы ұзындығы 9,8 шақырымды құрайтын аудандық маңызы бар 2 автомобиль жолын (Жетісай қаласы Ерубаев көшесі, Жылысу а/о Әлфараби е/м кіреберіс) орта жөндеуден өткізу үшін мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Бұл мақсаттағы жұмыстарға республикалық бюджеттен 137 млн 104 мың теңге қаралған.

Бұған қоса биыл аудандағы ұзындығы 35 шақырымды құрайтын облыстық маңызы бар КХ-75 «Макталы-Асықата» автомобиль жолы, республикалық маңызы бар А-15 «Жібек жолы-Сарыағаш-Абай-Қызыләскер-Асықата-Жетісай-Гагарин» автомобиль жолының 88-90 шақырымы (Жетісай қаласы М.Әуезов көшесі) орта жөндеуден, ұзындығы 11,7 шақырымды құрайтын облыстық маңызы бар «КХ-117 «Ленинабад-Үтіртөбе» автомобиль жолы күрделі жөндеуден өтетін болады.
Айта кетейік, Жетісай ауданының көлік жолдарының жалпы ұзындығы 365,3 шақырымды құрайды. Осы жолдардың 43,6 шақырымы республикалық, 210,4 шақырымы облыстық, 111,3 шақырымы аудандық маңызы бар автомобиль жолдарына жатады. Ішкі көшелердің жалпы ұзындығы 863,244 шақырымды құрайды.
uakit.kz
Сурет авторы:Қ. Әуелбеков.