БИЫЛ 1032 КҮНГЕЙЛІК КӨП БАЛАЛЫ ОТБАСЫ ПӘТЕРМЕН ҚАМТЫЛАДЫ

189
0

Түркістан облысында жыл соңына дейін 1032 көпбалалы отбасы пәтермен қамтамасыз етілетін болады. Бұдан бөлек, 2019 жылдың 5 айында Түркістан облысы бойынша барлығы 1724 пәтер тапсырылды. Жыл қорытындысымен 50 тұрғын үй, яғни 2 613 пәтер пайдалануға тапсырылады.
Бұл туралы бүгін Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев журналистермен өткізген баспасөз-конференциясында мәлімдеді.
Түркістан облысының құрылғанына 1 жыл толуына орай ұйымдастырылған жиында Өмірзақ Естайұлы халықтың тұрмыс сапасын жақсарту мақсатында облыста ауқымды жұмыстар атқарылып жатқанын, атап айтқанда, көпбалалы аналарға атаулы әлеуметтік көмек көрсету мөлшері орташа есеппен 40%-ға көбейіп, 2019 жылы 103 464 мыңнан астам отбасы өтініш білдіргенін, оның 65 946-на атаулы әлеуметтік көмек тағайындалғанын атап өтті.
Түркістан облысының құрылғанына бір жыл толуына байланысты атқарылған жұмыстарға шолу жасалған баспасөз-конференциясы Түркістан қаласындағы Жастар ресурстық орталығында болды. Оған республикаға танымал БАҚ өкілдері және өңірлік төртінші билік өкілдері арнайы қатысты.
uakit.kz