ТҰРҒЫНДАР «АСТАНА БАЛЕТ» ТЕАТРЫН БІР ДЕММЕН ТАМАШАЛАДЫ

ТҰРҒЫНДАР «АСТАНА БАЛЕТ» ТЕАТРЫН БІР ДЕММЕН ТАМАШАЛАДЫ

Жуырда Шымкентте қала күніне орай түрлі шаралар мен мерекелік жиындар өтті. Соның бірі «Астана Балет» театрының Шымкент төрінде өнер көрсетуі болды.
Қойылымдары тек өз елімізде ғана емес, шет елдерде де көрермен қауымның ерекше ықыласына бөленіп келе жатқан «Астана Балет» театрының тарландары Шымкент тұрғындарына шетел туындыларын, заманауи және ұлттық хореографияның үздік үлгілерінен өрілген билерін ұсынды. Өнер ұжымының репертуарындағы махаббат тақырыбындағы қойылымдарын көрермен селт етпей бір деммен тамашалады.
Тұрғындарды ерекше әсерге, керемет көңіл-күйге бөлеген «Астана Балет» театрының Шымкент сахнасында қойылған «Love Fear Loss», «A fuego lento» атты бір актілі балеттер мен концерттік бағдарламасы Қытай, АҚШ, Ресей, Еуропа елдерінің айтулы сахналарында көрерменнің зор құрметіне бөленгенін айта кетейік.
uakit.kz

ПІКІР ЖАЗУ