МЕГАПОЛИС  БАСШЫСЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІ ҚҰТТЫҚТАДЫ

МЕГАПОЛИС БАСШЫСЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕРДІ ҚҰТТЫҚТАДЫ

Мемлекеттік қызметшілер – мемлекеттің тірегі. Сіздер елдегі өмірдің қайнаған ортасында жүріп, мемлекеттік идеология мен саясаттың жүзеге асырылуына атсалысасыздар. Қазақстандағы мемлекеттік қызмет саласына 1997 жылдан бастап оң өзгерістер енді. Елбасының “Қазақстан – 2030” стратегиясында мемлекеттік қызмет туралы арнайы бөлім бар. ҚР Тұңғыш Президентінің тапсырмасымен біздің елімізде ТМД бойынша алғашқы мемлекеттік қызмет агенттігі құрылды. Қазіргі таңда көрші елдер біздің заңдарды пайдалануда. Мерекелеріңіз құтты болсын, әріптестер!
Шымкент қаласының әкімі Ғабидолла Әбдірахымов 23 маусым – мемлекеттік қызметшілер күніне арналған салтанатты жиын кезінде мереке иелерін осылай деп құттықтады.
Шымкенттегі Асқаров атындағы дендросаябақта өткен шарада қала басшысы өз міндетін мінсіз атқарып жүрген бірқатар қызметкерлерді марапаттады.
Бұдан бөлек іс-шара кезінде мемлекеттік қызметшілер арасында жүгіруден жарыс өткізілді.
uakit.kz

ПІКІР ЖАЗУ