БЫЛТЫР БАСПАНА ҚҰРЫЛЫСЫНА 1,3 ТРЛН. ТЕҢГЕ ЖҰМСАЛҒАН

190
0

Елімізде халықтың урбандалу көрсеткіші төмен.  Әлемнің көптеген елдерінде урбандалудың тұрақты тенденциясы байқалады. Ал дамыған елдерде тіпті халықтың 75%-ға жуығы қалаларда тұрады.  Қазақстанда 2019 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдай бойынша қалада халықтың тек 58,2%-ы ғана тұрады. Бұл туралы uakit.kz kazgazeta.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.  

Урбандалу көрсеткішінің артуының басты факторларының бірі тұрғындардың баспанаға деген қолжетімділігі әрі олардың онымен қамтамасыз етілуі болып табылады. БҰҰ нормаларына сәйкес елде жыл сайын бір адамға 1 шаршы метр тұрғын-үй салынуы тиіс. Алайда Қазақстанда 2019 жылы елде бір тұрғынға жаңа тұрғын-үйдің тек 0,6 ш. м. ғана келген.

Осылайша 2019 жылдың 1-қаңтарындағы жағдай бойынша пайдалануға берілген тұрғын-үй аумағы 11,1 млн ш.м.-ді құраған. Тұрғын-үй ғимараттары жалпы санынан пайдалануға 38 516 жеке үй мен 872 көп қабатты ғимарат беріліп, 95,8 мың пәтер салынған.

Айта кетерлігі Алматы (1,9 млн ш. м.), Нұр-Сұлтан қалалары (1,4 млн ш. м.) және Маңғыстау облысында тұрғын-үйдің ең көп көлеміндегі аумағы пайдалануға берілген. Ал тұрғын-үй саны артқан аймақтарға Түркістан (32,1% өсім), Солтүстік Қазақстан (өсім 23,8%) және Алматы (22,6% өсім) облыстары жатқызылған.

Жалпы былтыр баспана құрылысына 1,3 трлн. теңге жұмсалған. Бұл көрсеткіш 2018 жылмен салыстырғанда 23,1%-ға артық. Алайда пайдалануға берілген аумақ көлемі тек 0,8%-ға артқан. 2019 жылы жаңа тұрғын-үй бағасы өткен жылмен салыстырғанда 6,4%-ға, ал қайталама тұрғын-үй бағасы 6,2%-ға қымбаттаған. Нәтижесінде жаңа пәтердің 1 ш.м. шамамен 293,5 мың теңге деп бағаланған. Жалпы тұрғын-үй бағасы 2011 жылдан бастап орташа жылдық есеппен 7%-ға қымбаттап отырған. Әлемдік дағдарыс салдарынан шарықтаған тұрғын-үй бағасы, тек 2016 жылы ғана аз мөлшерде түскен.

Тұрғын-үй нарығында бағаның өсуіне қарамастан, 2019 жылдың он бір айында тұрғын-үйді сатып алу-сату келісімінің мөлшері 2018 жылмен салыстырғанда 20,4%-ға артып, 292,3 мың операцияға жеткен.

Әдеттегідей келісімдердің басым бөлігі Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларында және Қарағанды облысында жасалған.

uakit.kz