ЖАСЫ 65-ТЕН АСҚАН ДЕПУТАТТАР КІМДЕР?

203
0

Олар неге Мәжіліс отырысына қатыспайды?

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев аптаның алғашқы күнінде төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысында  коронавирус індетін жұқтыру қаупі созылмалы аурумен ауыратын 55 жастан асқан азаматтарда жоғары болатынын әлемдік тәжірибе көрсеткенін айта келе, мұндай жандардың жұмысқа шығуын барынша шектеу қажеттігін мәлімдеген.

Осыған орай кеше Мәжілістің пленарлық отырысы жасы 65-тен асқан депутаттар қатысқан жоқ. Оларға Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының нұсқауына сәйкес үйлерінде отыруға кеңес берілген. Өз кезігінде Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматуллин отырыс кезінде әріптестерінің барлығы дін-аман екенін, алаңдауға еш негіз жоқ екенін мәлімдеді. Осылайша отырысқа 107 депутаттың 82-і қатысқан.

Мәжіліс сайтындағы дерекке сүйенсек, төменгі палатада алпыстың бесеуінен асқан халық қалаулыларының қатарында Сауытбек Абдрахманов, Асқар Базарбаев, Галина Баймаханова, Ерсұлтан Бектұрғанов, Владимир Божко, Қабибулла Джакупов, Жанат Джасаров, Жексенбай Дүйсебаев, Бақытжан Ертаев, Байділда Жылқышиев, Бақтықожа Измұхамбетов, Владислав Косарев, Ахмет Мурадов, Шаймерден Нурумов, Омархан Өксікбаев, Қуаныш Сұлтанов, Абай Тасболатов, Серік Үмбетов пен Михайл Чирков бар. 

«Уақыт» газеті.