ТҮРКІСТАНДАҒЫ БАЙЛАНЫС ОРТАЛЫҒЫНА МЫҢҒА ЖУЫҚ ҚОҢЫРАУ ТҮСКЕН

195
0

Елміздегі төтенше жағдайға байланысты 23-наурыздан бастап Түркістан облысы әкімдігінің жанынан тұрғындардың сауалдарына жедел жауап беру мақсатында ашылған  Call–орталық (109) бүгінге дейін тұрғындардан 1000-ға жуық  қоңырау қабылдап үлгерген.

Бұл туралы uakit.kz Түркістан облысы Өңірлік коммуникациялық қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Байланыс орталығы  109 нөмірі арқылы тәулік бойы тұрғындардан қоңыраулар қабылдайды. Орталыққа қоңырау шалған тұрғындардың басым көпшілігі төтенше жағдайда еліміз бойынша қозғалу, әрекет ету, азық-түлік бағаларын білу, халыққа қызмет көрсету орталықтары мен мемлекеттік мекемелердің жұмыс кестесін анықтау, көпбалалы және аз қамтамасыз етілген отбасыларға, мүгедектерге берілетін мемлекеттік көмек туралы сауалдармен хабарласуда екен.

Жиналған барлық сауалдарды операторлар салалық құрылымдарға жолдап, дер кезінде жауап жолдауда.

uakit.kz