«УАҚЫТ» ГАЗЕТІНІҢ ҰЖЫМЫНА!

378
0

Рәшкүл ОСПАНӘЛИЕВА, Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты.

– Республикалық «УАҚЫТ» қоғамдық-саяси газетінің ұжымын кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймын. «Уақыт» газетін үнемі оқып тұрамын. Бұл басылымда таяуда көлемді сұхбатым жарық көрді. Газетке тек сәттілік тілеймін. Халықтың сүйіп оқитын газеті болсын! Халық сүйіп оқуы үшін, шындық жазылуы керек. Мемлекеттігі бар, тәуелсіздігі бар, бірталай газетті жаздырып алып оқимын. Өкінішке қарай, көбісін парақтап, жаба саламын. Мақалаларын бірінен-бірі көшіре салғандай әсер қалдырады. Ал, шындықты жазатын, ешкімнен тайсалмайтын басылымды жұрт өзі іздеп оқиды. Міне, сондай газет жасауларыңызға тілектеспін. Ұжымдарыңызға шығармашылық табыс тілеймін.