ШЫМКЕНТ: «BIRGEMIZ» ҚОРЫНАН БЕРІЛЕТІН 50 МЫҢ ТЕҢГЕ КӨМЕК ЖАЛҒАСУДА

254
0

Елде жарияланған төтенше жағдайға байланысты Елбасы Н.Назарбаевтың бастамасымен «Birgemiz» қоғамдық қоры құрылып, республика бойынша көмекке аса мұқтаж жандарға 50 мың теңгеден үлестіріліп жатқаны баршаға белгілі.
Осы көмекке Шымкент қаласы бойынша 21 864 отбасы қол жеткізді.
Алдағы уақытта тағы да 19 766 отбасы 50 мың теңгемен қамтылатын болады. Қазіргі таңда тiзiм бойынша қаражат бөлу процессі жүрiп жатыр.

Бұл туралы Шымкент қалалық әкімдігі хабарлады. Хабарламада «Кеше 11 904 отбасы мүшелерінің жеке есеп шоттарына қордан 50 мың теңге аударылды.
Апта аяғына дейін қаражат барлық азаматтардың есеп шотына түседі»,-делінген.

Ал аталған жәрдемақы келесідей 7 түрлі санатқа атап айтқанда, әлеуметтік аз қамтылған, көпбалалы отбасылар, бірінші топтағы мүгедектер, мүгедек бала күтімімен отырған жандар, зейнетақысы төмен және аз қамтылған зейнеткерлер, жетім балалар, ҰОС ардагерлері мен оларға теңестірілгендер және тыл еңбеккерлеріне тиесілі.

uakit.kz