«УАҚЫТ» КӘСIБИ ҚАЛАМГЕРМЕН ТОЛЫҚТЫ

315
0

Захардин Қыстаубайұлы – жазушы-драматург. Сондай-ақ белгiлi кәсiби журналист. Еңбек жолын «Оңтүстiк Қазақстан» газетiнен бастаған ол кезiнде Ленгiр аудандық, Кентау қалалық газеттерiнде редактор болып жалғастырды. Журналист бола жүрiп бiрнеше көркем кiтаптар шығарып, Қазақстан Жазушылар одағына мүшелiкке өттi. Қазiр ол негiзiнен «Ерулi атқа ер салып» дегендей, бiраз жыл журналистиканың тасасында қалған жазушылық әлемiне қайта оралып, шығармашылықпен айналысуда. Бiрақ журналистикадан да қол үзбейдi. Соның бiр айғағы – Қазақстанның Құрметтi журналисi, әрiптесiмiз Зәкең «УАҚЫТ» газетiнiң жұмысына атсалысып, редакциялық алқа төрағасы мiндетiн атқаруға кiрiстi.